Сейсможаттығу өткізілді
2024 жылдың 12 наурызында Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде кезекті сейсможаттығу өткізілді. Осы жаттығу барысында мектеп оқушыларына жер сілкінісі кезіндегі адамдардың әрекеттері мен іс-қимылдары жөнінідегі бейнефильмдер көрсетілді. Сейсможаттығудың тәжірибелік бөлімінде мұғлімдер,оқушылар және қамту қызметкерлерімен адамдардың жер сілкінісі кезіндегі әрекеттері мен қорғану шаралары көрсетілді. Бұл өткізілеген жаттығу барысында жеткізілген нұсқаулардың тыңғылықты және тиянақты орындалуымен қатар әр қатысушыға мазмұнды түрде жеткізілуін осы шараға жауапты АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сарсенбин Б.М. жете қадағалады.
Жаттығу қорытындысын мектеп директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Слямбекова А.Д. жасап, жіберілген кемшіліктерді жою мақсатындағы мінддеттерді, жауапты адамдарға жүктеді.

