Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Балалар кітапханасы» жобасы
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында 20 минуттық кітап оқуды ұйымдастырудың негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру.
1. Оқу дағдыларын дамыту: Балаларға жүйелі түрде оқу әдетін қалыптастыруға ықпал етеді.
2. Қиял мен шығармашылықты дамыту: Әдеби шығармаларды оқу арқылы балалардың ой-өрісі кеңейіп, шығармашылық қабілеттері дамиды.
3. Сөздік қорды байыту: Кітап оқу барысында балалар жаңа сөздерді меңгеріп, тілі жетіледі.
4. Әлеуметтік байланыстарды нығайту: Оқу шаралары топтық форматта ұйымдастырылған жағдайда, балалар бір-бірімен пікір алмасып, араласу қабілеттерін жетілдіреді.
5. Жеке тұлғалық даму: Кітап оқу балалардың өзін-өзі тануға, мінез-құлықты қалыптастыруға және моральдық құндылықтарды бойына сіңіруге көмектеседі.
Бұл іс-шара балаларды рухани байытуға, білімге құштарлықты дамытуға және кітапхана қызметінің маңыздылығын көрсетуге бағытталған.
Белгілі бір күндері балалар кітапхананың оқу залына жиналып, бірге кітап оқиды. Бастауыш сыныптар үшін шығармалары тәрбиенің қайнар көзі болған, қазақ арасынан шыққан алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің ғибратты өлеңдері мен әңгімелерін ұсынылды.
5-9 сынып оқушылары үшін 20 минуттық оқуға Абайдың қара сөзін оқып, сыныппен талдау, түсіну ұсынылды. Қара сөздер Абайдың адамгершілік, еңбек, білім, және мінез тәрбиесі жайлы терең ойларын түсінуге көмектеседі.






