«Оқылмаған кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбында Абай атындағы кітапхананың балалар әдебиеті бөліміне виртуалды экскурсия өткізілді. » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Оқылмаған кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбында Абай атындағы кітапхананың балалар әдебиеті бөліміне виртуалды экскурсия өткізілді.
23
апрель
2021

«Оқылмаған кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбында Абай атындағы кітапхананың балалар әдебиеті бөліміне виртуалды экскурсия өткізілді.

23 сәуір – дүниежүзілік кітап күніне орай, бастауыш сынып оқушыларымен «Оқылмаған кітаптар әлеміне саяхат» тақырыбында  Абай атындағы кітапхананың балалар әдебиеті бөліміне виртуалды экскурсия өткізілді. Экскурсияға оқушыларды қосқанда 47 көрермен қатысты. Кітапханамен балалар әдебиеті бөлімінің  басшысы Жунусова Айгуль Турсункановна және бас маманы Майкенова Айман Кобжановна таныстырды. Бұл экскурсияның мақсаты кітапқа деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты қалыптастыру болды. Кітапхана тарихы баяндалды, жаңа кітаптар көрсетілді. Балалар әр кітаптың кітап сөресінде өз орны бар екенін көрді. Балалар көптеген әсер алды! Балалар кітапханасының ұжымына тілектестік үшін алғысымызды білдіреміз.