23
апрель
2021
10 "а" сынып оқушыларымен «Smile-book-шифр» тақырыбында интеллектуалды әдеби эмодзи викторинасы өткізілді.
"Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт" жобасы аясында. 23 сәуір- дүниежүзілік кітап күніне орай 10 "а" сынып оқушыларымен «Smile-book-шифр» тақырыбында интеллектуалды әдеби эмодзи викторинасы өткізілді. Мақсаты: эмодзилар арқылы әдеби шығарманың атауын және авторын табу арқылы оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын , ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
