20 минуттық оқу
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында Бастауыш сынып оқушыларына екінші тоқсан бойы 20 минуттық оқу уақытына Ы.Алтынсариннің шығармаларын оқу ұсынылды. Тоқсан соңында сыныптар өздеріна ұнаған шығарманы сахналау қою тапсырылды. Бұл тапсырма балаларды әдебиетке жақындатып, олардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға септігін тигізеді. Балалардың шығармашылық идеяларын толық пайдалану үшін сахналауға еркіндік беру.
Мақсаттары:
- Тәрбиелік мақсат: Балаларға Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы ізгілік, еңбексүйгіштік, адалдық, адамгершілік және тәртіп сияқты құндылықтарды сіңіру. Әңгімелер арқылы ата-баба дәстүрін, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды жеткізу.
- Білім беру мақсаты: Оқушыларды қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыру. Шығарманың негізгі идеясын түсінуге және мазмұнын талдауға үйрету. Қазақ әдебиетінің мәдени мұрасын құрметтеуге баулу.
- Дамытушылық мақсат: Оқушылардың оқылым, тыңдалым және сахналық қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін жеткізе білу, шығармашылық ойлау және топта жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Балалардың актерлік шеберлігі мен өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Қорытынды:
Әр топ сахналаған соң, көрермендер (қалған балалар) қойылымды бағалап және шығарманың негізгі идеясын талқылады.
Осылайша, балалар тек оқып қана қоймай, шығармашылықпен айналысып, өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді. Бұл тапсырма олардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Іс шара соңында әр сынып дипломмен марапатталып, сыйлыққа кітаптар табысталды.



