Ауғаныстан- жүректегі жазылмас жара » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2020

Ауғаныстан- жүректегі жазылмас жара

2020 жылдың 12 акпан күні Пригород жалпы білім беретін орта мектебінде Ауғаныстанан кеңес әскерлерінің шығарылуына арналған «Ауғаныстан- жүректегі жазылмас жара» тақырыбындағы дөнгелек стол өткізілді. Осы ұйымдастырылған шара аты аңызға айналған, ауған соғысының батыры, «Қара майор» мұсылмандар батальонының командирі полковник Борис Керимбаевтың жауынгерлік жолына арналды. Әскери-патроиттық бағыттағы шараға ауған соғысының ардагері Сулейменов Н.Г., Семей қаласының жастар және жасөспірімдер шығармашылық сарайының мамандары Укубасов Б.М.; Құрманов Б.О., 31767 әскери бөлімінің әскери қызметшілері майор Габбасов Д.Ж. ; Сулейменова Ж.А. қатысты. Батыр, қахарман «Қара майор» туралы видеолар көрсетіліп, оның ерліктері туралы, қызықты мәліметтер келтірілді. Ауған соғысының ардагері Ныгметулла Сулейменов, өзінің жауынгерлік жолдары туралы оқушылырға айтып өтті. Ауған соғысының қасіреті мен жарасы туралы оқушылармен шара қонақтарының арасында қызу пікірталас болып өтті. Шара соңында мектептің алғашқы әскери дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы майор Сарсенбин Б.М. мен тәрбиеші –офицері Алимов Т.М. шараны қорытындылап, оқушылар және жас сарбаздар ауған соғысының ардагаріне гүл шоқтарын сыйлады, сонымен қатар көркемөнерпаздар шағын концерт қойып берді.