«Бауыржан Момышұлы- ұлы ерліктің үлгісі» » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Бауыржан Момышұлы- ұлы ерліктің үлгісі»
03
декабрь
2020

«Бауыржан Момышұлы- ұлы ерліктің үлгісі»

 Аталған онлайн сабаққа Қазақстан Ұлттық ұлан ардагері запастағы подполковник Сабыр Ахмеджанұлы Таймасов, 31767 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Сыздыков Сабит Серикбайұлы, осы бөлімнің әскери-патриоттық клуб жетекшісі Сулейменова Жазира Айтмукашевна, Семей қаласының жасөспірімдер және балалар шығармашылық сарайының әскери-патриоттық тәрбие бөлімінің бастығы Укубасов Бекен Мухамедрахимович және қалалық жас сарбаздар қозғалысының кураторы Құрманаов Болат Анарбекұлы қатысты.     Бауыржан атамызға арналған ерлік сабағын кіріспе сөзбен мектеп директоры Баитунов Дулат Ермекұлы ашып, батыр тұлғаға арналған ерлік сабағының  бүгінгі жастарға патриттық тәрбие беруде маңызы зор, сонымен қатар  жас сарбаздарға оның ерліктерін мақтан тұтуларына кеңес берді.     Осы талаған ерлік сабағының 31767 әскери бөлімінің тәрбие бөлімінің қолдауымен және олардың белсене қатысумен болғаны жөнінде осы бөлімнің командирінің  тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Сызыдыков Сабит Серикбаевич  айтып өтсе, Укубасов Бекен Мухамед рахимович пен Кұрманов  Болат Анарбекович Бауыржан Момышұлының жауынгерлік жолдарына тоқталып өтті жіне ардагер Таймасов Сабыр Ахмеджанович бүгінгі жастардың патриоттық сезімдерін ұштауда Бауыржан атамыздың тұлғасы нағыз үлгі екенін айтты.    Жас сарбаздар сабақ барысында Бауыржан атамыздың өмірбаянына тоқталып, қызықты деректерді    көпшілікке баян етті.    Сабақты өткізуші мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сарсенбин Бекболат Маратович, тәрбиеші-офицер Алимов Тимур және Ақылова Айдананың ұйымдастырумен    Бауыржан атамыздың нақыл сөздерінен челендж көрсетті.    Мектеп кітапханашысы Ермекова Айтолқын Ермекқызы Бауыржан Момышұлы ержүрек қайсар батыр болып қана тумағанын, оның қылқалам шебері екенін айтып өткенен кейін, оның шығармаларынан онлайн кітап көрмесін көрсетті.    Сабақттың жас ұрпақ үшін  тәрбиелік маңызы ерекше болып, оларға Бауыржан  Момышұлының өмірін, ерлігін насихаттай отырып Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін дамытуда маңызыды шара болды.