«Ұлттық құндылықтар» жас мамандар апталығы
Ж.Аймауытов мектебінде 17-21 сәуір аралығында жас мамандар апталығы «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында өткізілді. Апталықтың бірінші күнінде оқушыларға жоспар таныстырылып, лездеме кезінде «Бауырсақ Пати» ұйымдастырылды, үзіліс кезінде қазақтың ұлттық ойындары ойнатылды.

Жас мамандар апталығындағы оқушыларға өте қызықты ойындар өткізілу сәті.
Апталықтың екінші күнінде жас маман Б.Б.Даулетқан 5А сынып оқушыларына «1001 мақал,101 жұмбақ» интеллектуалды ойынын өткізді, сонымен қатар жас маман А.Қ.Канатов 4А сынып оқушыларына эстафеталық сайыс өткізді. Үзіліс аралықтарында балаларға қызықты ойындар ойнатылып, көңіл-күй сыйланды.

Апталықтың үшінші күнінде жас маман Э.М.Саккулова 1 «А» сыныбында оқушылармен «Монетаның құны. Баға» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ ортасындағы үзілістерде қазақ ұлттық ойындарының бірі «Бес тас», «Қол күрестіру» ойындары ойнатылса, Жас сарбаздар сыныбының оқытушысы жас маман Б.Ә.Бақытбекұлы 6 «А» сынып оқушыларына әскери эстафеталық ойын ойнатса, еңбек пәнінің мұғалімі жас маман А.А.Бодауканов 3 « А» сынып оқушыларымен «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.