Апталықтың алғашқы күні » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2022

Апталықтың алғашқы күні

  Бүгін Жүсіпбек Аймауытоа атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде оқу жоспарына бойынша алғашқы әскери және технологиялық дайындық, дене шынықтыру және көркем еңбек пәндерінің апталығы басталды. Апталық талапқа сай безендіріліп, QR  арқылы апта барысында өткізілетін шаралардың жоспарын көруге болатыны ұйымдастырылған. Апталықтың ашылу салтанаты  мектепішілік таңертеңгі жиынында өткізіліп, АӘжТД  пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы запастағы майор Сарсенбин Б.М. апталық жоспарымен таныстырып, апталықтың  күнделікті тыныс- тірлігі әлеуметтік желіде және мектеп сайтында жарияланып отыратыны айтып өтті.

         Апталықтың бірінші күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қанат Әділет «Ұлттық ойындарды дене шынықтыру  сабағында қолдану» тақырыбында ашық сабақ өткізіп, ұлттық ойындардың ерекшеліктері мен адам денсаулығына маңызын түсіндіру мақсатын оқушыларға жеткізе білді.