02
май
2023
Бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптары (0,4 ) арасындағы сабақтастыққа бағытталған айлық
Бастауыш сыныптар мен орта буын сыныптары арасындағы сабақтастыққа бағытталған айлық аясында сәуірдің 25 және 28 күндері қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.М.Рахиянова 4 «А» сыныбындағы (Мұғалімі Агибаева А.К.) сабаққа қатысып, оқушылардың оқу жетістіктерімен танысты. Келесі сабақты өзі «Шылау» тақырыбында өткізді. Балалардың сабаққа деген ынтасын бақылап, орта буынға бейімділігін тексеру мақсатындағы сабақ ұйымдастырылды.. Оқушылар көршісінің есіміндегі алғашқы әріпінен басталатындай етіп оған мінездеме берe отырып, мұғаліммен танысты. «Маржан тізбек» әдісімен сабақтың тақырыбын анықтады. Сабақ барысында интерактивті тақта ,Word Wall платформасын қолданды. «Менің бағытым» әдісі арқылы сабақты қорытындылады.
