Футболдан жарыс
Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңістің 78 жылдығын мерекелеу шараларының аясында Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы білім беретін мектебінде қала мектептерінің мұғалімдерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.
Жарыстың құрметті қонағы ретінде шақырылған, білім саласының ардагері, облыстық ақсақалдар алқасының мүшесі Жанбаев Кенжол Толешович шақырылып, ашылу салтанатында жарысқа қатысушыларға батасын берді. Жарыс қатысушы спортшыларды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Слямбекова А.Д және қала әкімдігінің инспекторы Сұңғатов Талғаттар құтықтау сөз сөйлеп, артынан Семей қаласының әкімінің алғыс хатын жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерекше еңбегі үшін Жанбаев кенжол мырзаға табыс етті.
Ашылу салтанаты барысында мектептің арнаулы жас сарбаздар сыныптарының тәрбиеленушілері өздерінің әскери дайындықтағы жетістіктерін саптық дайындық, қоян-қолтық ұрыс тісілдерінғ қарумен жасалған дефеле арқылы көрсетті.
Жарысқа қатысушы командалар арасындағы ойындар қызықты, тартысты өтуіне мектеп дене шынықтыру мұғалімдері, жарыс төрешілері Мағзұмов М, Таирбеков Т әділ төреліктерінің де ықпалы ерекше болды.
Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды Ж.Аймауытов ЖОББМ, ІІ-орынды ЖОББМ №43, ІІІ-орынды ЖОББМ №27 ұжымдары иеленді, сонымен қатар жарысқа қатысушы мұғалімдер әртүрлі номинацияларда, білім саласының ардагері Жанбаев К.Т. мадақтамаларды табыс етті.
Марапаттаурәсімінің соңында шараны ұйымдастырушылары АӘжТД пәнінің мұғаліміСарсенбин Б және тәрбиеші офицер Бақытбеков Ә жарысқа қатысушыларға алғыстарын білдіріп, осы шараны ұйымдастыру барысында көмек көрсеткен «Семей-Көркем» жарнамалық фирмасының директоры Ахметканов Арман жіне Семей қаласының әкімдігінің инспекторы Сұңғатов Т мырзаларға көрсеткен көмектерін атап өтіп, оларға алғыс айтты.






