Жас сарбаздар сыныбы ашылды » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
декабрь
2021

Жас сарбаздар сыныбы ашылды

Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру  мектебінде, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30- жылдығын еліміздің жұртшылығымен бірге атау аясында «Антыңа адал бол, Жас сарбаз»  тақырыбында Жас сарбаздар сыныбының ашылуы мен олардың ант қабылдау рәсімі өткізілді. Аталған шараға  білім саласының ардагері Жанбаев Кенжол, Жас сарбаздар қалалық бірлестіктерінің үйлестірушісі Құрманов Болат, 31767 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және ата-аналар қатысты. Айтулы  мерекелік шараны ашу барысында мектеп директоры Баитунов Дулат Жас сарбаздар сыныбының ашылуының  жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығын айтып өтті. Жас сарбаздар ант қабылдауынан кейін, оларға осы бірлестікке мүшелікке өткені жөніндегі құжаттарды мектеп директоры Баитунов Дулат пен 31767 әскери бөлім офицері Серикжанов Нурлан табыс етті. Шара барысында сөз сөйлеген қонақтар өздерінің   болашақ Отанымыздың сарбаздарына өздерінің жылы лебіздерін білдірді және баталарын берді. Безендірілген шара барысында мерекелік  концерт қойлып,  7-сынып Жас сарбаздары өздерінің әскери  өнерлерін көрсетті. Шара соңынан Ж.Аймауытов атындағы мектеп пен 31767 әскери бөлімінің арасында өз-ара жұмыс жоспары нақтыланып, меморандумға қол қойылды.