«Сап және саптық әндер» байқауы » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
май
2023

«Сап және саптық әндер» байқауы

Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күндеріне арналған   мерекелік шаралар аясында мектепішілік «Сап және саптық әндер» байқауы өткізілді. Аталған шараға қатысушы 1-11 сынып оқушылары  саптық дайындықтарымен күш сынасса, оқушыларға әділ баға беруге 31767 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жұмылдырылды, ал ата-аналар қауымы осы қызықты да тартымды шараны тамашалауға қатысты.

Мерекелік сайыстың ашылу салтанатында мектеп директорының орынбасары Слямбекова А.Д., 31767 әскери бөлімінің офицері майор Насыров Нұрлан құттықтау сөз сөйледі, ал мектеп арнаулы жас сарбаздар сыныптары өздерінің саптық дайындық, қоян-қолтық ұрыстағы, қарумен шеберлік деңгейлерін көпшілік қауым алдында көрсетті.  

Сайысқа қатысушы сыныптар саптық дайындықтарымен қатар тақырыпқа сай киім нысандарын, сонымен қатар  саптық әндерді, топ ұрандарын орындауда шеберліктерін көрсетті.

Сайыс соңында  әділ-қазылар алқасы әскери қызметшілер Бектұрғанов Ермек, Ғазизова Мөлдір және 11-сынып оқушысы Русланқызы Ажар оқушылар өнерлерін қорытындылады.   Өткен шараның жастарға патриоттық тәрбиелік мәнінің зор екенін атай отырып, бастауыш сынып  оқушыларының ерекше дайындықтарын АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сарсенбин Б.М. атап өтті.