«Мектеп пен отбасының өзара әрекеттесу арқылы білім берудің барлық деңгейінде оқушының тұлғалық дамуы»»
2023 жылдың 14 сәуірінде «Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ» мектебінде «Мектеп пен отбасының өзара әрекеттесу арқылы білім берудің барлық деңгейінде оқушының тұлғалық дамуы»» тақырыбында педагогикалық кеңес өткізілді.
Педагогикалық кеңестің мақсаты: баланың мүддесі үшін мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының оңтайлы түрлерін табу. Отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі бойынша мектептегі тәрбие беру жүйесін талдау және мектеп пен отбасы арасындағы өзара әрекеттесудің тиімді түрлерін анықтау.
Бұл шараға мектеп әкімшілігі мен ұстаздар қауымы қатысты.
Жиынды мектеп директоры Тегай Н.В. бастап,қазіргі жағдайдағы отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынастың кейбір өзекті мәселелеріне тоқталды.
Директордың сөзінен кейін ДТЖО.Слямбекова А.Д.-ның баяндамасы тыңдалды, ол мектептің әлеуметтік төлқұжатын танысытра отырып,атаөаналармен байланыс жасаудың түрлеріне,қағидалары мен әдіс-тәсілдері туралы айтты.
Мектеп психологі Тлеукенова Р.Б. мектеп оқушылары мен ата-аналарынан алдын-ала алынған «Мектеп пен отбасы» сауалнамасының нәтижесімен бөлісті.Сыныптардағы өзекті мәселелерге тоқтала отырып,ұсыныс жасады.
Тәжірибелік кезеңді сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі А.Е. Улыкбекова мұғалімдер кеңесінің жобалау бөлімін ұйымдастырды. Бұл бөлімде мұғалімдер топпен жұмыс жасады. Әр топ проблемалық сұрақтар шешім іздеді.Бала,ата-ана,мұғалім позициясында қарастырып,мәселенің оң шешімін табуға тырысты.Әр топ топтық жұмыстың нәтижесін көрсетіп,спикерлер сөйледі.. Топтардағы қатысушылар жауаптарында әртүрлі бағдарламаларды пайдаланды.
Педагогикалық кеңестің соңында қатысушылардың ойын білу мақсатында кері байланыс QRкод арқылы жасалды.