Автоматты бөлшектеу және оқжатарды жинақтау
Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2019-2020 оқу жылында құрылған Жас сарбаздар сыныбымен шаралар өткізілуде. Өткізілетін шаралардың мақсаты жас сарбаздарды отансүйгіштікке, қарулы күштер өміріне қызығушылықтар арттыру.
2021 жылдың 23 қыркүйегінде мектебіміздің Жас сарбаздары арасында АКМ-47 автоматының тарихы, тактика- техникалық мінездемесі және жеке бөлшектерімен танысу сабағы өткізілді. Жас сарбаз Кадекова Назерке АКМ автоматының тарихына қатысты қызықты мәліметтерді айтып өтті.
Сонымен қатар қару-жарақтар түрлері, тарихы, мінездемесіне байланысты сұрақ жауап викторинасы өткізілді. Осы өткізілген шараның соңында Жас сарбаздар арасында АКМ -47 автоматын толық емес бөлшектеу және жинақтаудан сыныпта жарыс өткізілді. Уақытқа өткізілген жинақтау жарысының қорытындысы бойынша жас сарбаздар Турсынханов Асылжан, Мендекеева Назар, Берікұлы Исмаил ал автоматты бөлшектеуден Турсунгазинов Ерасыл, Рысқалиева Әнел, Бериккулов Ильяс жақсы көрсеткіштер қөрсетті. Осы шараның қалалық әскери- спорттық жарыстарға дайындық мақсатына және осы шараның жас сарбаздардың шеберлігін шыңдаудағы маңыздылығы туралы тәрбиеші –офицер А.Бақытбеков және майор Б.Сарсенбин айтып өтті.

