Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде.
Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.
17 тамызда мектеп әкімшілігінің демеушілігімен әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 2 оқушыға кеңсе тауарлары мен 2 мектеп сөмкесі табысталды.Қолдау білдірген мектеп әкімшілігіне ата- аналар ризашылығын білдіріп, алғысын айттты.Акцияға белсен қатысуға шақырамыз!
Ставшая традиционной республиканская акция «Дорога в школу» в целях поддержки детей из социально незащищенных семей в этом году проходит под девизом «Давайте поможем детям вместе!". Акция пройдет во всех регионах страны с 1 августа по 30 сентября текущего года.
Цель акции: поддержка учащихся из малообеспеченных и многодетных семей в период подготовки к новому учебному году; профилактика неявки ребенка в школу по социальным причинам; оказание реальной помощи детям – сиротам, детям, оставшимся без попечения родителей, многодетным, малообеспеченным семьям.
17 августа при спонсорской поддержке администрации школы 2 ученикам из социально неблагополучных семей были вручены канцелярские товары и 2 школьные сумки. Родителипоблагодарили администрацию школы за поддержку. Приглашаем принять активное участие в акции!

