21
сентябрь
2022
«Ұлтымыздың ұлы ұстазы»
Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаяны, шығармашылығы, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, оқушылардың іздемпаздық қабілеттерін дамыту мақсатында 21 қыркүйекте А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты 10,11 сынып оқушыларының қатысумен әдеби вернисаж өтті. 10-сынып оқушысы Қарамолдин Арнұр А.Байтұрсыновтың «Анама хат» өлеңін сахналап, мәнерлеп оқыды. 11-сынып оқушылары көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы туралы үш тілде мағлұмат бере отырып, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын білудегі зияткерлік қабілеттерін көрсетті.
