09
декабрь
2024
«Үздік оқырман» сайысы
Үздік оқырман сайысының мақсаты:
üОқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
- Көркем әдебиет арқылы оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін қалыптастырып, шығармашылыққа баулу.
- Ең үздік оқырманды анықтап, оны мадақтау арқылы оқырмандық мәдениетті насихаттау.
Күтілетін нәтижесі:
üОқушылардың кітап оқу дағдысы мен әдебиетке қызығушылығы артады.
- Балалар оқыған шығармаларын талдай алуды және өз ой-пікірлерін жүйелі жеткізуді үйренеді.
- Шығармашылық қабілеттері мен тіл байлығы дамиды.
- Оқушылардың арасында кітап оқуға деген бәсекелестік пен ынта қалыптасады.
üСайыс арқылы ең белсенді, көп оқитын оқырмандар анықталып, оларды үлгі ету арқылы оқушылардың мотивациясы көтеріледі.
Кітапханаға келушілер арасында 1 тоқсан бойы «Үздік оқырман» сайысы жүргізілді. Қорытындысында сыныптар бойынша және оқырман оқушылар арасында үздіктер марапатталды. «Ең белсенді сынып» номинациясын 3 «Б» сыныбы жеңіп алды. «Үздік оқырман» номинациясымен 3 және 4 сынып оқушылары марапатталды.




