22
январь
2025
"Кітап оқу – жақсы әдет"
Мақсаты: кітап оқудың маңыздылығын насихаттау, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру, адамдардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және білімге ұмтылысты қолдау.
Бұл акция арқылы алға қойған міндеттер:
Ø Кітап оқу арқылы адамның ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры байып, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеті дамиды.
- Балалардың бос уақытта кітап оқуға баулып, олардың саналы және білімді азамат болып қалыптасуына ықпал ету.
- Оқу арқылы ортақ қызығушылықтарды табуға, пікір алмасуға, кітап клубтарын немесе басқа да оқырман қауымдастықтарын құруға мүмкіндік беру.
Ø Отбасында балаға уақыт бөлуге ықпал ету.
Бұл акция оқырман мәдениетін қалыптастырып, білімге және рухани дамуға бет бұруға ерекше серпін береді.







