30
январь
2025
«Жеңге мінезімен көркем»
Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында «Даналық» мектебі жоспарына сай «Жеңге мінезімен көркем» атты жеңгелер сайысы өтті. Мақсаты: жеңгелердің ақылдылығы мен шеберлігін көрсету. Қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау.
Әрбір қыз бала бойжетіп, ата – анасының жанында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа үйге келін болып түсуі – өмір заңдылығы. Әсіресе, қызға анасы немесе жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайлығы, әсемдік, жинақтылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылық туралы үйретуге күш салады. Cайысқа шебер, инабатты, пысық, сымбатты деген 4 жеңге қатысып, бақтарын сынады.
Қатысушылар байқау шарттары бойынша алдымен өздерін таныстырып, өз өнерлерін көпшілікке паш етіп, қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрып жайында қойылған сауалдарға жауап берді. Өздерінің дайындап әкелген ұлттық тағамдарына сипаттама берді.
Үлгілі отбасында үйлесім тауып, ибалы келін, инабатты жеңге, аяулы ана, ардақты жар бола білген қазақ келіндері - көпке үлгі,өнеге. Сәні мен салтанаты жарасқан «Жеңге мінезімен көркем» атты сайысында, қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жеңгелер марапатталды.