Наурыз -2024 » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
март
2024

Наурыз -2024


Күн мен түн теңелетін, төрт-түлік мал төлдейтін, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі- ұлттың  ауызбіршілігін  нығайтқан, ұмытыла  бастаған  қазақылық  қасиеттерімізді жаңғырту, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге беру мақсатында 19  наурыз  күні, Ж.Аймауытов атындағы  жалпы  орта  білім  беретін  мектебімізде  "Қош келдің, Наурыз"  атты мерекелік  іс-шара  өткізілді. Алаң  безендіріліп, ақ  дастархан  жайылды. Дәстүр бойынша Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған концерттік бағдарламамыз шашумен бастау алды. Іс-шарада оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғыртып, қазақтың киелі домбырасымен ән айтып, ұлттық биінде ортаға салды. Мерекеге құрметті, ырыс, құт, несібе әкелуші - Қыдыр атамыз келіп, батасын берді. Ата-аналардың  қатысуымен «Бастаңғы», «Тұсаукесер» салт-дәстүрлері,  ұлттық  тағам  түрлері  және  «Қазақ стиліндегі дефиле» ою-орнектермен безендірілген эксклюзивті киімдері көрсетілімі болды. Қойылымда  қазақ  киім  үлгісімен  қатар қазақтың  қазақилығы  мен  бұйымдарын  дәріптеу  мақсатында шағын  киіз  үй  көрінісі де  орын  алды. Оқушылар арасында «Қол күрес»,  «Арқан тартыс» ұлттық  ойындары  ұйымдастырылып, ойнатылды. Іс-шара ұлтты нақышта, әсем көңіл- күйде, жоғары  деңгейде тойланып өтті.