Шәкәрім мемлекеттік университетінің студенттері біздің мектебімізде! » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Шәкәрім мемлекеттік университетінің студенттері біздің мектебімізде!
02
ноябрь
2022

Шәкәрім мемлекеттік университетінің студенттері біздің мектебімізде!

Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі «Жүсіпбектану» сыныбы оқушыларының ұйымдастыруымен (жетекшісі Улыкбекова А.Е.) қаламыздағы Шәкәрім атындағы Университет ішінде құрылған «Қарагөз» театрының мүшелерімен шығармашылық кездесу өткізілді.

  Жастар саясаты бөлімінің бас маманы, көркемдік жетекшісі Ерғали Сакенович бастаған университет студенттері Оңалған А., Ерболова М., Жұматаева Ғ., Тұралы С., Шақантаева Н., Мағауияұлы С., Тәшім Ш, Мәден М., Мейірбек А., Аязова А., Ғизатова С., Маутханов Д., Нұрсадықова Д., Әлімбекерова Ә., Турсынова Д., Байғазыев М.,   Рахатбек Е., Кажик М., Далай А.,   Зейнеқабылова З., Ахметбеков Б. мектеп оқушыларына өз өнерлерін көрсетті. Театр жетекшісі қандас бауырымыз, қазіргі таңда университет студенті Далай Айбектің ұйымдастыруымен бірде сонау 90-жылдардағы көріністі көз алдымызға әкелсе, енді бірде заманауи пантомимо өнерімен оқушыларды өздеріне баурап алды. Кездесу соңында мектебіміздің оқу-тәрбие ісінің меңгерушісі С.М.Сайфулин жастарға шығармашылық шабыт, толағай табыс тіледі.  Өнерлі жастар ішінде жезтаңдай әнші де, күйші де, жыршы да болды. Бұл үрдіс өз жалғасын таппақшы. Студент жастармен бірге Ж.Аймауытов шығармашылығын бірлесіп  меңгеруге бел будық