Ауған соғысының ардагерімен кездесу » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2022

Ауған соғысының ардагерімен кездесу

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанының 33 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының аясында Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің жас сарбаздар арнаулы 5,7 сыныптары Әуе Қорғанысы Күштеріне қарасты 31767 әскери бөлімінде ауған соғысы ардагері Мыльников А.Г. кездесуге қатысты. Кездесу барысында бөлім командирі подполковник Жусупов Айбол осы соғыстың барысы, қайғы-қасіреті жөнінде айтып өтіп, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының  Конституциясының 36 бабының талаптарының орындалуының маңыздылығына тоқталды. Жауынгер-интернационалист Мыльников А.Г. ауған соғысындағы жауынгерлік жолы, кеңес солдаттарының достастығы мен бірлігі жайлы қызықты әңгіме айтып өтті. Кездесу соңында мектебіміздің жас сарбаздары өз өнерлерін көрсетіп әскери бөлім жеке құрамының қошеметіне ие болды. 3767 әскери бөлімінің командирі Жусупов А.О. бөлім жеке құрамының   күнделікті тыныс тіршілігімен және қару –жарақтарымен жас сарбаздарды таныстырды.