Мереке қарсаңындағы кездесу
Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің жас сарбаздар арнаулы 6-сыныбы Республика күнін тойлау қарсаңында, Семей қаласының бизнес және сервис колледжінде ұйымдастырылған кездесуге қатысты.
Кесдесуді Семей қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарма қызметкері ашып, жастар тәрбиесі, сонымен қатар жас сарбаздар қоғамдық қозғалысының жүмысы туралы айтып өтті. Сонымен қатар Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алин М.С. еліміздің Президенті Қ. Тоқаевтың жастардың патриоттық тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отырғанын, ал Семей қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құндақов Қ. оқу ораындарында жас ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығын атап өтті.
Кездесуге қатысқан Қарулы Күштер, ауған соғысының ардагерлеріне, жас сарбаздарға колледж студенттері концерт қойды. Кездесу жас сарбаздарға ерекше әсер қалдырдып, олардың ардагерлерді құрметтеу сезімдерін артыра түсті.
