"Осындай мамандық бар -Отанды қорғау деген" » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
апрель
2022

"Осындай мамандық бар -Отанды қорғау деген"

Апталық жоспары бойынша мектептің жас сарбаздары мен 10-11 сыныптарының қатысуымен " Осындай мамандық бар -Отанды қорғау деген" тақырыбында Қазақстан  Қарулы Күштерінің 30- жылдығына арналған Қарулы Күштерінің ардагерлері және әскери оқу орындарының түлектерімен кездесу өткізілді. Кездесуге қатысқан ардагерлер запастағы майорлар Укубасов Б,М. және Сатов Е.Б. жауынгерлік жолдарымен таныстырып өтсе, дене шынықтыру мұғалімі Магзумов М.Д. спорттың әскери қызмет атқарудағы көмегі жөнінде, ал бірлестік жетекшісі Аубакирова А.А. отансүйгіштікке тәрбилеудегі алғашқы әскери дайындықтың ролі туралы айтып өтті. Кездесу барысында Қазақстандық жоғарғы әскери оқу орындары туралы бейнефильмдер көрсетілді және презентация арқылы мектеп жетістіктері жөнінде баяндалды. Кездесу соңында жас сарбаздар әскери шеберліктерін және өнерлерін көрсетті.
Қездесуді қорытындылай келе  АӘжТД пәнінің мұғалімі Сарсенбин Б.М. шараның жас ұрпақты тәрбиелеудегі максатына жеткені және оның келешектегі орыны жөнінде айтса, тәрбиеші офицер Бақытбеков Ә.Б. жас сарбаздардың әскери дайындықтағы жетістіктері туралы айтып өтті.