Әскери-спорттық жарыс өтті
Әскери-спорттық жарыс өтті
Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпыорта білім беретін мектебінің жас сарбаздар арнаулы 7 «А» сыныбының оқушылары арасында әскери-спорттық жарысы өткізілді. Осы шараның негізгі мақсаты оқушылардың денсаулығын шыңдау және әскери-спорт түрлерімен танысу. Шараны ұйымдастыру барысында офицер-тәрбиеші Бақытбеков Әділет оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес әскери-спорттық жарыс түрлерін таңдап алып, сайыс алдында оның ережелерімен және шарттарымен таныстырды. Жас сарбаздар сыныбының екі бөлімшелерінің арасында өткен жарыс қызықты да, әсерлі өтті. Әскери –спорттық эстафета арқан тарту, қысқа жүгіру (челночный бег), эстафета түрлерінен өткізілді. Екі бөлімше сарбаздары жарыстың әр түрлерінен кезек-кезек озып өздерінің нағыз шымырлықтарын көрсетті. Жас сарбаздар Берікұлы Исмаил, Ақанова Аяла, Мендекеева Назар, Турсунғазинов Ерасыл озықтар қатарынан көрінді. Жарыс қорытындысын мектептің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сарсенбин Б және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Таирбеков Т шығарып, озықтарды марапаттады.
