Әскери дайындық сабағы өткізілді » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2022

Әскери дайындық сабағы өткізілді

Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде жас сарбаздар арнаулы сыныбында 31767 әскери бөлімінің әскери қызметшілері әскери дайындық сабақтарын өткізді. Қазақстан Қарулы Күштерінің  Әуе Қорғаныс күштерінің әскери қызметкерлері   жаппай қыру қаруларының зардаптарынан қорғану құралдарының маңызы, қызметі, құрлысымен таныстырып өтіп және олардың қолдануын іс жүзінде көрсетті.             

Осы бөлімнің тәрбиеші офицері майор Урумбаев Азамат бүгінгі әскери өмірдің тірлігі мен тынысы туралы айтып өтсе, қызметкер Сүлейменова Жазира  жас сарбаздарға әскери адамдарға қандай талаптар қойылатыны айтып өтті. 

Сабақ қорытындысын АӘжТД  оқытушы-ұйымдастырушысы Сарсенбин Б.М. шығарып, сабақты өткізуге қатысқан әскери қызметкерлерге алғысын білдірді.