Ғарыш әлемінде
12 - сәуір күні 6«А» сыныбында «Ғарыш әлемі» атты ақпараттық- танымдық тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш ғарышқа самғаған әлемдік және Қазақстандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру, ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыра отырып оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Сабаққа 31767әскери бөлімінің офицері капитан Қ.Н.Серікжанов пен осы бөлімнің әскери патриоттық клуб жетекшісі Ж.А. Сулейменова қонақ ретінде шақырылды.
Сабақ барысында Болатов Ердәулет пен Талантұлы Нұрасыл Қазақстанның ғарышкерлері туралы қызықты ақпараттар берді. А.Нұржанқызы, Н.Калимбеков,Ж.Беріктаева, А.Зейноллаева Қазақстанның ғарышкерлері туралы жазған шағын жобаларымен таныстырды. Г.Батырханқызы Марфуға Айтқожақызының “Қос ғарышкер” өлеңінен үзінді оқыды.
Оқушылардың сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында «Космос әлемінде» атты интеллектуалды ойын ойнатылды.
Сабақтың соңы арнайы шақырылған қонақтардың ақыл -кеңесімен, жылы тілектерімен жалғасын тапты.



