Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 35 жылдығы » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 35 жылдығы
08
февраль
2024

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 35 жылдығы

Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 35 жылдығы қарсаңында Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушылары  Семей қаласындағы интернационалист-жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасын өткізді. Ескерткіш басында  АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сарсенбин Б.М. осы тарихи оқиғаның мәні мен мағынасы туралы оқушыларға айтып берді.
    Сонымен  қатар оқушылар Семей қалалық балалар  мен жастар шығармашылық сарайында орналасқан ауған және жергілікті соғысқа қатысушыларға арналған мұражайға саяхат жасады. Осы шара барысында оқушылар Ауған соғысына қатысқан жауыңгерлердің жеке күнделікті өмірде пайдаланған заттарымен, қару-жарақ түрлерімен, соғысқа қатысушылардың марапаттары, ерліктері туралы мәліметтермен танысып қайтты.  Оқушылар осы шараның ерекше әсер еткенін, сонымен қатар өздерінің жерлестерінің ерліктерін мақтанышпен еске алды.