Ауған соғысының ардагерімен кездесу » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ауған соғысының ардагерімен кездесу
15
февраль
2023

Ауған соғысының ардагерімен кездесу

Ауған соғысының ардагерімен кездесу

2023 жылдың 14 акпан күні Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін орта мектебінде Ауғаныстанан кеңес әскерлерінің шығарылуының 34-жылдығы атап өтілді. Аталған күні жас сарбаздар арнаулы  6 «а» сыныбы командалары арасында «Алға, Жаңа Қазақстан жас сарбаздары!» тақырыбындағы әскери-спорттық жарыс өткізілді. Осы ұйымдастырылған шараға ауған соғысының ардагері, жауынгер интернационалист Мельников А.Г., 31767 әскери бөлімінің тәрбиеші офицері майор Тенельбаев Н.Ж., ҚР Қарулы күштерінің ардагері Сулейменова Ж.А. және ата-аналары қатысты. Ауғаныстандағы сұрапыл соғысы туралы бейнекөрініс көрсетіліп, жауынгерлер ерліктері туралы, қызықты мәліметтер келтірілді. Ауған соғысының ардагері Мельников Александр Генадьевич, өзінің жауынгерлік жолдары туралы оқушылырға айтып өтті. Осы шараға қатысушы  қонақтар мен ата-аналар сөз сөйлеп өз ойларын білдіріп, жас сарбаздарға тілектерін білдірді.Мектептің  алғашқы әскери және технологиялық  дайындық   пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы майор Сарсенбин Б.М.  жауынгер –интернационалистке, ардагергежәне қонақтарға алғысын білдірсе, жас сарбаздар ардагерге сый-құрмет көрсетіп, қолөнер туындысын сыйға тартты,сонымен қатар көркемөнерпаздар шағын концерт қойып берді.

 Әскери-спорттық жарыста жас сарбаздар өздерінің шымырлығын, тапқырлығын, әскери қаруларды жақсы меңгергенін көрсетіп жиналған қауымды қуантып тастады, Командалардың жеңіске талпыныстары, жігерлері аталып өтіліп, жарыс соңында қорытынды жасалды.Үздіктерді марапаттау рәсімін ауған соғысының ардагері мен қонақтар өткізді.