03
ноябрь
2023
"Сан қыранды самғатқан, алтын ұям!"
Жарты ғасырлық ғұмырында 50 рет алғашқы және соңғы қоңырауын соққан білім ошағы қаншама жас ұрпақты тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып келеді.
3 қараша күні мектеп ұжымы домбыра мен қобыз үнін үйлестіріп, күй шертіп, қазақтың салт-дәстүрімен, сый –құрметпен қонақтарды қарсы алды.
Мерейтойымыздың қадірлі қонақтары ардагер ұстаздарымыз Кенжол Толешұлы, Галина Ивановна, Галина Генадьевна, Зауре Сатыбалдиновна, Галина Николаевна, Гаухар Коныспаевна, Шәрбану Токеновна, Валентина Айтжановна, Ришат Джандаулетович, Дина Ергалиевна , 2015-2022 жылдары мектеп директоры қызметін атқарған Баитунов Д.Е., мектебімізде еңбек еткен ұстаздарымыз Калденова А.С.,Журсумбаева Г.С., «Семейқұс» ТОО директоры орынбасары және мектеп түлектері болды.
Елу жылда ел жаңа демекші мектебіміздің ұстаздары Орумбасарова Г.С. мен Жексенбаева Н.М. ардагер ұстаздарымыз бен түлектерімізге экскурсия жүргізіп, мектеп қабырғасында болған өзгерістермен біраз таныстырып өтті. Келесі кезекте, мектебіздің 50 жылдық мерейтойына арналған «Сан –қыранды самғатқан алтын-ұя» атты мерекелік кешті тамашалады. Мерекелік кеш барысында мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ардагер ұстаздар мен мектеп түлектеріне, қонақтарға сөз берілді. Ардагер ұстаздарымыз бата-тілектерін айтып, тойға шашу шашты. Мектеп түлектері білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына алғыстарын білдіріп, алтын ұя мектептеріне сыйлықтарын ұсынды.
Мерекелік іс-шара барысында Восток бройллер, №43 мектеп, Ж.Аймауытов атындағы ЖОББМ мектеп түлектері арасында волейбол ұйымдастырылды. Командалар белсенділік танытып, жеңімпаздар марапатталды.
Мектебіміздің 50 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар мектеп түлектеріне арналған би кешімен аяқталды.