Жас сарбаздар қауіпсіздік ережелерін өткізді
Жүсіпбек Аймауытов атындығы жалпы орта білім беретін мектебімізде қалалық төтенше жағдайлар басқармасының нұсқауымен өрт қауіпсіздігінің ережелерінің сақталуы мен орындалуы жөнінде жаттығулар өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында жаттығуларды өткізуді ұйымдастыруға 7 «А» Жас сарбаздар сыныбының оқушылары ат салысты.
Жас сарбаздар бөлімше командирі Берікұлы Исмаил өрттің алдын алу және болдырмау шаралары туралы айтса, жас сарбаз Кадекова Назерке өрттен сақтану ережелерін тақпақ жолдарымен айтып өтті. Жас сарбаздар Рысқалиева Әнел мен Турсунгазинов Ерасыл ойын арқылы өрт кезіндегі қимыл жаттығулары әдістерімен таныстырып өтті. Шараны тәрбиеші-офицері Бақытбеков Әділет, сынып жетекшісі Рахиянова Анар және АӘжТД пәнінің мұғалімі Сарсенбин Бекболат қорытындылап, шараның маңыздылығын атап өтіп, өрт қауіпсіздігін ережелерінің сақталуы жөнінде жаднамалар таратылды.
