Қазақ әдебиеті сабағынан
Талаптан Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» ғылыми-фантастикалық әңгімесі бойынша 10 «А» сыныбында қазақ әдебиеті сабағынан ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Улыкбекова Амангул Ертугановна. Оқу мақсаты негізінде оқушылар әңгіменің үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданды, әңгімеде көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға берді. Әңгіменің үзіндісінен әр пәнге қатысты байланыстарды тауып, оқушылар өз зерттеулерін көрсетті. Мысалы, тарих, география, биология, химия, физикамен байланыстарына тоқталды. Шағын тәжірибелік жұмыстарын көрсетті. Сондай-ақ Оразмухан Зарина сабақ барысында әңгіме желісі бойынша сурет салып шықты. Яғни оқушылар әңгімеден алған білімдерін жан-жақты қолдана алды. Сабақтың өн бойында «Адасқан сөздер», «Пазл» құрастыру, Baamboozle ойыны, PRES әдісі, концептуалды кесте толтырылды және Padlet тақтасымен кері байланыс орнатты.
