Әскери бөлімдегі «ашық есік» күні » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
февраль
2023

Әскери бөлімдегі «ашық есік» күні

Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 6"А" арнаулы жас сарбаздар сыныбы әскери дайындық сабақтарының жоспары бойынша Әуе қорғанысы күштерінің 31767 әскери бөліміне барып, күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Әскери бөлім командирінің тәрбие  және идеологиялық істер жөніндегі орынбасары майор  С.С.Сыздыков  қарсы алып, әскери бөлімнің тарихы және жауынгерлік жолы туралы қызықты әңгіме айтып берді.

Жас сарбаздарды мерзімдік әскери қызметтегі жауынгерлер таңғы дабылдан басталатын күнделікті әскери өмір-тынысымен таныстырып, өздерінің казармасымен, төсек орындары, жауынгерлер тумбочкасындағы жеке гигиена заттары туралы да айтып өтті. Әскери бөлімнің тәжірибелі сержанты 3-ші сыныпты сержант Е.А.Бектурғанов    бағынышты жауынгерлерімен бірге АК-74 автоматының қолдануы, құрлысы мен қызметі, оны бөлшектеу және жинақтау әдістерімен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар осы бөлімнің әскери қызметкерлері қарауыл қызметі және оның атқарылуымен таныстырып, жас сарбаздардың бронжилет, каска-шлем және жауынгерлік экипировканы киіп көрді. Жас сарбаздар аталған бөлімнің жауынгерлерінің алдында өздерінің саптық дайындық жаттығуларын көрсетті. Осы кесдесу соңында  мектебіміздің АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы запастағы майор Сарсенбин Б.М. және тәрбиеші офицер Бақытбеков Ә.Б. қызықты, әсерлі кездесу ұйымдастырғандары үшін, 31767 әскери бөлімінің басшылығына  және жеке құрамына ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.