Ардагерлермен кездесу өткізілді » "Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Абай облысы білім басқармасы
Семей қаласы бойынша білім бөлімінің
"Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7222) 33-70-56
Есепші бөлімі:
+7(7222) 33-72-98
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
февраль
2024

Ардагерлермен кездесу өткізілді

Жүсіпбек Аймауытов атындағы жалпы орта біілім беретін мектебінде

Ауғаныстанан кеңес әскерлерінің шығарылуның 35- жылдығына арналған ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесу шарасына ауған соғысының ардагері Мыльников Александр Геннадьевич, мектепте өткізіліп келген   шараларға белсене қатысып келген, жас ұрппаққа патрииоттық тәрбие беруде өз үлесін қосқан марқұм  ауған соғысының ардагері Сулейменов Ныгметулла Гавидоллаевичтың зайыбы Сулейменова Гульнара Камзиновна шақырылды. Кездесуді ұйымдастыруға 31767 әскери бөлімінің офицері  капитан Сейлханов Ерасыл және аталған бөлімнің ҚР Қарулы  Күштерінің қызметкері Сулейменова Жазира белсене қатысты. Мектеп оқушыларына ауған соғысының ардагерінің жауынгерлік жолы, соғыстағы жолдастық қарым-қатынасы  жөніндегі әңгімесі үлкен әсер қалдырды. Сонымен қатар Сулейменов Ныгметулла туралы айтылған әңгімелерді қорытындылай келе жауынгерлік дәстүрдің болашақ отан қорғаушылар үшін үлкен  маңыздылығы жөнінде АӘжТД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Сарсенбин Б.М. мен жас сарбаздар арнаулы сыныбының тәрбиешісі Таирбеков Т.Д. айтып өтті. Шара соңында мектеп оқушылырының күшімен дайындалған концерт мен жас сарбаздардың әскери өнерлерін  тамашалады.

         Шара соңында   қонақтарға мектеп мұражайында ауған соғысының ардагері Сулейменов Н.Г. арналған мәліметтер жинағын тамашалау ұсынылды.